Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
"Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК
Қамқоршылық кеңесі № 1 отырысының
Хаттамасы
Красный Яр а. Өткізілген күні: 30.09.2020 ж.
Өткізілген уақыты: 09.00 онлайн режимде
Қатысқандар: 11
Қатыспағандар: -
Күн тәртібі:
1. ҚК төрағасын, хатшысын сайлау. Қызметтің негізгі бағыттарын анықтау, қамқоршылық кеңестерді құру бойынша әдістемелік ұсыныстармен және нормативтік-құқықтық базамен танысу (2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары)
2. «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тамыз кеңесінің қорытынды ұсынымдары
3. Қашықтықтан оқытуды сапалы өткізу үшін білім беру платформаларын енгізу, колледж платформасы collegesmartnation жаңа мүмкіндіктері
4. ҚО кезінде өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өтуді ұйымдастыру
5. WSK региналдық чемпионатын дайындау және өткізу
Тыңдалды:
1. Колледж басшысы С.О. Сейтқалиева бірінші сұрақ бойынша- «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тамыз кеңесінің қорытынды ұсынымдары бойынша сөз сөйледі
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелерін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қатысты Қамқоршылық кеңес мүшелері талқылады.
3. Қашықтықтан оқытуды сапалы өткізу үшін білім беру платформаларын енгізу, колледж платформасы collegesmartnation жаңа мүмкіндіктері туралы колледж әдіскері Таткенов Б.Т таныстырып кетті.
4. Колледж базасында WSА-2020 аймақтық чемпионатының 5 құзыретін өткізу бойынша және ҚО кезінде өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өтуді ұйымдастыру жөнінде басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары В.Г. Ларин сөз сөйледі.
Сөз сөйледі:
Т.М. Кабдулов – барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықта болу, оң әсерін тигізіп, білім беру жүйесіне оң өзгерістер әкелуі керек деп атап өтті.
А.М. Ельмаганов – колледждің әлеуметтік серіктестерінің WSA-2020 аймақтық чемпионатының сарапшылары ретінде қатысу қажеттілігін растады.
М.Х. Токсанбаев - қамқоршылық кеңес мүшелерінің, әлеуметтік серіктестердің, колледждегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ата- аналар қоғамдастығының одан әрі тығыз қарым-қатынас жасау қажеттігіне назар аударды.
Шешім қабылдады: