«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

Тәрбиелік іс-шаралар

«Волейбол маған командада жұмыс істеуді үйретті. Біз бірге күшпіз!" 
«Көпсалалы Инновациялық колледжі» спорт залында № 2,3 Красный Яр а. мектеп оқушылары мен МИК студенттері командаларының волейболдан жолдастық кездесуі өтті.
/public/files/2024/2/21/210224_170101_whatsapp-video-2024-02-21-at-155744.mp4
Оқытушы С. Қайнетова 11 "св" тобында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында кураторлық сағат өткізді, оның барысында студенттер сыбайлас жемқорлық туралы қызықты тарихи фактілерді білді, сұрақтарға жауап берді, логикалық тапсырмаларды шешті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері айқын әділетсіздік фактілеріне сезімтал жастар арасында өзекті. Мұндай іс-шараларды өткізу жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы тәрбиелеу мәселелеріне елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
/public/files/2024/2/21/210224_162946_whatsapp-video-2024-02-21-at-155731.mp4
#ДосболLIKE
2 ақпанда топтарда «Отбасындағы  ортақ тіл», «Мен болашақ отбасымның қандай болғанын қалаймын» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті, оның барысында отбасылық құндылықтар туралы бейнероликтер көрсетіліп, әңгімелесу жүргізілді.

Бүгін «Аяла» клубының еріктілері «Үміт-Шаңырақ»  үйінің ауласын қардан тазартты. Мұндай акциялар үнемі өткізіліп тұрады, аталмыш іс-шараға 15 ерікті қатысты.
   «Бірге жиналып, игі істер жасай отырып, біз бір-бірімізбен жақынырақ танысамыз, тәжірибе алмасамыз. Сен өзіңді адамдарға пайдалы және қажет екеніңді сезінесің. Бұл әсерлер мен сезімдерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», - дейді ерікті Ташкенбай Нұралы.

«Алаш партиясының идеясы» - тақырыбында кураторлық сағат өтті. Алаш партиясының өкілдері қазақ мемлекеттілігін құрудағы идеялары жайлы айталды. Топ кураторы Зура Еркенқызы балаларға Алаш партиясының жетекшілері және сол кездегі аз танымал батырлар туралы айтып берді. Сабақ барысында студенттер қызықты тапсырмаларды орындап, өз ойларын айтып, пікір алмасты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "30 игі іс" акциясы аясында 2021 жылдың 18 мамырында "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК 1 курс студенттері, "Аяла" еріктілер клубының белсенділері Көкшетау қаласының қан орталығында қан тапсырды.


Әр адам үшін отбасы-бұл оның өміріндегі ең маңызды бір бөлігі. Бүгін "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК жатақханасында "Отбасы күніне" арналған іс-шара өтті.


"Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубы студенттерінің Отан қорғаушылар күніне арналған Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында сап және әндер облыстық онлайн-конкурсына қатысуы.


Колледжде Наурызды мерекесін тойлау 1 қабаттағы фойеде ұлттық бұйымдар көрмесі ұйымдастырудан басталды, сондай-ақ студенттер мен қызметкерлер наурыз көже мен бауырсақтарынан дәм татып, мереке салтанат залында  театрландырылған көрініспен жалғасып,  "Жас дәурен" театр үйірмесінің  тұсаукесері өтті. Сондай-ақ ұлттық спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар арасында мергендер сайысы өткізілді. Барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!        

Бүгін «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК-да 1 курс студенттері  «JAS OTAN» Жастар қанаты өкілдерімен кездесіп,  жұмыстарының бағыттары туралы тың жобаларымен танысты.сондай-ақ олар біздің студенттермен өткізуді жоспарлап отырған бірлескен іс-шаралармен ойларын  бөлісті.

Тұңғыш Президент күніне арналған іс- шаралар  шеңберінде білім алушылар  Тұңғыш Президенттің музейіне виртуалды турға қатысып және Zoom форматында   Елбасының өмір жолы туралы бейнематериал мен слайдтар көрсетілді.

2020 жылдың 12 қарашасында агротехникалық колледжде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған сынып сағаты өткізілді.

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы шықты.

1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Бұл күн ұлттық валютаның ресми күні болып саналады. Бүгінгі таңда Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің нышыны, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады.

Zoom форматында өткен сынып сағатында теңгенің тарихы туралы студенттер қызықты мәліметтер алып берілген сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.

Республикалық «ҚР колледждерінің ТОП100 студенттері» атты жобаның жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Аталған жобада бақ сынап, жеңімпаздар қатарынан ойып тұрып орын Дондыхын Әлиді жеңісімен құттықтаймыз! Еліміздің болашағы өмір бойы үздіксіз білім алып, ел экономикасын дамытуға үлес қосатын жастардың қолында екені барлығымызға мәлім. Сол жастардың бірі де бірегейі өздеріңсіңдер. Осы жеңісіңмен колледжіміздің атын бүкіл республикаға шығардың. Ендеше алған бетіңнен қайтпай, алар асуларың мен бағындырар белестерің көп болғай дегіміз келеді.

Біз «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК 1 курс студенттері өз ұстаздарымызды
«Отбасы күнімен» құттықтаймыз.

«Мен өз отбасыммен бақыттымын»


«Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК-да Тілдер апталығы өтті. Тілдер апталығы аясында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн-мәнерлеп оқу байқауы өтті. 1- курс студенттері онлайн-байқауға белсенді қатысты. Олар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқып, бейнероликтерге түсіріп жіберді.


«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»


Дистанционное обучение в ГККП "Агротехнический колледж, село Красный Яр"



175 лет Абай Құнанбаев Шакирханова Жанеля


175 лет Абай Құнанбаев Далелхан Ерасыл


175 лет Абай Құнанбаев Хайратбек Бахшагүл


Тарихтан өшпес есімдер

Байкенов Айдархан Байкенович, наш земляк, участник Великой Отечественной войны


Профилактика правонарушений

 

Проведение учебно-полевых сборов Ахметжанова Сагдана
Тема: Одевание противогаза и ОЗК



Тема: Повороты на месте и в движении


Проведение учебно полевых сборов Червякова Вера
Тема: Виды перевязок


 

Жаңартылған күні: 13.05.2020 16:28
Құрылған күні: 21.02.2024 17:01

Ұйымдар тізімі
Текст