Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2019 жылда «Красный Яр ауылы, Агротехникалық колледжі» МКҚК – де 659 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтердің бекітілген Стандарттарына сәйкес колледжде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2019 жылыдың қорытындылары бойынша келесі қызмет көрсету түрлері атқарылды:
1)Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарына құжаттар қабылдау – 169 талапкерге қызмет көрсетілді;
2) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру бойынша – 153 қызмет көрсетілді;
3) Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-23 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, есеп беру мерзімінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы атқарылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің бұзылуы, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы шағымдар түскен жоқ;
4) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру- 13 қызметтер көрсетілді;
5) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау-6 қызмет көрсетілді;
6) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау -9 қызмет көрсетілді;
7) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну – 269 қызмет көрсетілді;
8) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру – 17 қызметтер көрсетілді;
Ай сайынғы негізде тұрғындарды ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қызмет берушілердің интернет-ресурсы арқылы жұмыстар жүргізіледі. Колледж сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері, сондай-ақ қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Колледжде ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері орналастырылған.
Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған мәжіліс және консультациялар өткізіледі.
2019 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК "Бұқпа" газетінде 13.06.2019 ж. №11 мақала жарияланды.
Колледж тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғалар жыл сайын оқыту семинарларына қатысады, онда мемлекеттік қызмет көрсетуді және қызмет алушылармен сапалы жұмыс істеуді үйренеді. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылығы мен сапасына мониторинг жүргізіледі
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсету жұмыстары жалғастырылуда.