Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің жалпықалалық сенбілікті өткізу туралы хабарламасына сәйкес Көкшетау қаласында санитарлық тазалау және абаттандыруға орай дәстүрлі көктемгі экологиялық айлық басталды.
Осы жалпықалалық сенбілікті өткізу шеңберінде қала аумағын санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту және т.б. мақсаттатында 2021 жылдың 17 сәуір күні жалпықалалық сенбілікке Красный Яр ауылы, агротехникалық ұжымы да белсене қатысты.
Красный Яр ауылы ,Агротехникалық колледжінің жетекшісінің басқаруымен аталмыш шараға колледждің оқытушылары, әкімшілік пен колледж жұмысшылары қатысты. Колледж ұжымы колледж аумағына іргелес және бекітілген аумақты қоқыстан тазалап, көшенің көгалды және тұрақ бөлігін қоса алғанда, бордюрларды әктеу жұмыстарын орындады. Сенбіліктің маңыздылығын қатысушылар жақсы түсініп, көтеріңкі көңіл-күймен және ән ырғымен белсене жұмыс істеді.
Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Сөйтіп, біздің білім ордасының ұжымы сүйікті қаламыз Көкшетауды абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты.