«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

"WORLDSKILLS Aqmola"өңірлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

30.04.2021

30 сәуірде Көкшетау қаласындағы "Bolashaq saraiy" сарайында "WORLDSKILLS Aqmola"өңірлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Облыс әкімі Маржикпаев Е.Б. чемпиондарды лайықты жеңістерімен құттықтап, әрқайсысына дипломдар, медальдар, кубоктар, сондай-ақ 50 000 теңге сертификаттар тапсырды.Ермек Боранбайұлының қолынан біздің колледждің студенттері:   Дондыхан Али "Дизельді қозғалтқыштарға қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша, Козаченко Геннадий "Smart агрономия" құзыреттілігі бойынша, Матченко Никита "Слесарлық іс"құзыреттілігі бойынша лайықты марапаттарға ие болды:Сондай-ақ, чемпионат жеңімпаздарын колледж басшысы Сейткалиева С.О. құттықтады, қол жеткізген жетістіктері мен өңірлік олимпиададағы жеңісі үшін студенттерді көтермелеу туралы Ережеге сәйкес студенттерге  30 000 теңгеге сертификаттар табыс етілді.Аймақтық чемпионатта екінші орын алған студенттерге: "Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша Роман Демьянив, "Аспаз ісі" құзыреттілігі бойынша Николай Ситовқа 25 000 теңгеге сертификаттар берілді.Студенттерді  лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Үлкен жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст