Қазақ тарихындағы қаралы жылдардың бірі 30-шы жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін жылдары. Біздің елімізде 140 мыңға жуық адам жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшырап, лагерлерьге айдалды, 25 мың адам атылып кетті.
Қуғын-сүргін жылдарының алғашқы құрбандары Алаш көсемдері, олардың ішінде қазақтың зиялы қауымының қаймағы болған ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері :
Әлихан Бөкейхан 1937 жылдың 27 қыркүйегінде ату жазасына кесілген және үкім сол күні орындалған.
Ахмет Байтұрсынұлына 1937 жылдың 8 қазанында «Халық жауы» деген айып тағылып,8 желтоқсанда атылды.
Жаһанша Досмұхамедов 1938 жылдың 3 тамызында ату жазасына кесілді.
Темірбек Жүргенов 1937 жылы 3 тамызда ату жазасына кесілді.
Халел Досмухамедов 1938 жылдың 26 шілесінде тұтқындалып, 1939 жылыдың 24 сәуірінде ату жазасы орындалды.
Санжар Асфендияров 1937 жылы тамызда қамауға алынып,1938 жылы ақпанда ату жазасы орындалған.
Нәзір Төреқұлов 1937 жылы шілдеде тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
Жүсіпбек Аймауытов1929 жылы тұтқындалып, 1931 жылы ату жазасына кесілді.
Сәкен Сейфуллин 1937 жылы 24 қыркүйекете қамауға алынып,1938 жылы 25 ақпанда атылды.
Ілияс Жансүгіров 1937 жылы 5 тамыз күні қамалып,1938 жылы 26 ақпанда атылды.
Бейімбет Майлин 1937 жылы жазықсыз тұтқындалып, 1938 жылы 2 ақпанда атылды.
Құдайберген Жұбанов 1938 жылы 25 ақпанда атылды.
Шахзада Шонанова 1937 жылы атылды.
Қазақ халқы деп шырылдаған ер жүректер мәңгі есімізде болмақ... Бұл күн қазақ елі үшін түбінде қайғы қасіреті жатқан қаралы күн. Әрбір қазақ баласы осы қайғы қасіретті ұмытпауы тиіс.