«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

«Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК-да Красный Яр ауылы «Мансур» балабақшасы тәрбиеленушілері арасында «Baby Skills» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жұмысшы мамандықтарының бірінші чемпионаты өтті.

15.12.2021

Бүгін, 14 желтоқсан «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК-да Красный Яр ауылы «Мансур» балабақшасы тәрбиеленушілері арасында «Baby Skills» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жұмысшы мамандықтарының бірінші чемпионаты өтті. Байқауға «Жас аспаз» және "Жас агроном» құзыреттіліктері бойынша 12 бүлдіршін қатысты.
        Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат, ерте кәсіптік бағдар мен мамандық туралы ерте түсінікті қалыптастыру. 
Жас агрономдар көк нәрді заманауи гидропоникалық қондырғыға отырғызды, сонымен қатар микро-жасыл тұқымдарды арнайы формаларға сеуіп мамандықтың қыр-сырларын танып білді. Ал жас аспазшылар пицца жасаудың кезеңдерін орындап, оны пісіріп, дәмін татты.
Марапаттау рәсімінде барлық қатысушыларға қатысқаны үшін грамоталар, фотосуреттер және естелік сыйлықтар табыс етілді. Осы іс-шараға "Мансур" бала-бақшасының әкімшілігіне ЖК «Клеменко» «Блок питания» және «ForteBank» АҚ қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз.
"Baby Skills" чемпионаты — бұл тек "бірінші сынама", бірақ біз қозғалыстың дамуына, Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының барлық мектепке дейінгі мекемелері арасында практиканың таралуына сеніміміз бар. Мүмкін, кейбір қатысушылар үшін чемпионат мамандық таңдаудағы алғашқы қадам болар.

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст