Текст
«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК мен Қарағанды техника-құрылыс колледжінің ұйымдастыруымен «Колледждерде инклюзивті білім беруді дамытудың тәжірибесі мен келешегі» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына колледжіміздің педагогі Адильхан Қасымов қатысып, «ЕБҚ бар студенттерге арналған математика тапсырмаларына сараланған тәсіл» тақырыбында баяндама жасап, өзінің тәжірибесімен бөлісті.