Текст
Дұрыс таңдалған мамандық - табысты болашаққа апаратын жол. Красный Яр ауылы мектептері мен «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК арасында қол қойылған Меморандумға сәйкес «Profi life» жобасы бастау алды. Оның мақсаты 9 сынып оқушыларының алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Жоба аясында технология сабақтары айына екі рет 2 академиялық сағаттан өтеді. ІІІ тоқсанда сабақтар ер балалар үшін слесарлық іс шеберханасында өтсе, қыз балалар тігін цехтарында өтеді. IV тоқсанда қыздар аспаздық істің негіздерін меңгереді, ал ұлдар жеңіл автокөлікке қызмет көрсетумен танысады.