«Агротехникалық колледж, Красный Яр ауылы» МКҚК-да 14.02. - 18.02.2022 ж, аралығында «Психология апталығы» өтті.
Аптаның әр күні «Көңіл-күй кемпірқосақ» акциясы, «Бақыт - бұл...», «Әлемге күлкі сыйла» «Психология - таңғажайып ғылым», «Біз бақыттымыз...», «Психология дегеніміз не?» тақырыптарында өтіп, білім алушылар өз ойларын әртүрлі суреттермен жеткізді.
Педагог-психолог К.М. Ботишева «Позитив әлемі», «Өзіңе апаратын жол», «Өз өміріңді өзің жаса», «Психологиялық денсаулық және Мен» атты тренингтер өткізді.
Студенттер бұл іс-шараларға үлкен қуанышпен қатысып, туыстарына, достарына, топтастарына жақсы тілектер айту мүмкіндігіне ие болды.
Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі.