Есеп
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК
1.Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК. Заңды мекенжайы: Красный Яр ауылы, Достық көшесі 68.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК 8 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2021 жылы колледж 543 қызмет көрсетті:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 11;
электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 19; электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 400; қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-113.
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК-да барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2020 жылы колледж 205 қызмет көрсетті:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 18;
электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген-1 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 130; қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-56.
3) Ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: колледждегі ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау";
"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру".
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://agrotk.edu.kz/news/open/id-2259050 "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен колледж тарапынан нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК БАҚ және әлеуметтік желілерде 3 мақала жарияланды. Қазіргі уақытта көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жалғасуда.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында колледжде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі, сондай-ақ 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған "College Smart Nation" ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
Сонымен қатар, "College Smart Nation" ақпараттық жүйесі оқу процесін автоматтандыруға және сандық форматқа көшіруге мүмкіндік берді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Колледжде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. 2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Тоқсан сайын колледжде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шаралары өткізіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2022 жылы "Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.