2022 жылдың 10 наурызында «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК «Мамандарды сапалы даярлауда жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқыту нәтижесіне бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеудің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті, оның жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманы М.Х. Тоқсанбаев, колледждің әлеуметтік серіктестері, жұмыс берушілер мен ауыл шаруашылығы бағытындағы (ауыл шаруашылығын механикаландыру және дәнекерлеу ісі) және қызмет көрсету саласы (тамақтандыруды ұйымдастыру және киім тігу және үлгілеу) кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Секция жұмысы барысында оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламалары, кәсіби модульдердің мазмұны және білім беру нәтижесі талқыланды. Жұмыс берушілер өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу нысандары бойынша ұсыныстар енгізді. Барлық бағыттар бойынша оқыту нәтижелеріне негізделген білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау бойынша жұмыс топтары құрылды. Бұл жұмысшы біліктіліктерін игере отырып, оқыту траекториясын құруға мүмкіндік береді, оның логикалық аяқталуы жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлау болады