Текст
Наурыз мейрамы қарсаңыңда 19 наурыз күні «Көкшетау қаласы Красный Яр ауылы, № 3 агротехниқалык колледжі» КММ-де «Адалдық дүкені» ашылды. Аталмыш іс-шара Ақмола облысында бастау алған «Ақмола - адалдық алаңы» жобасының шеңберінде іске асырылды.
Адалдық дүкенін ашудағы мақсаты - адалдыққа тәрбиелеу, жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Колледж студенттері бастаманы үлкен қызығушылықпен қабылдап, қолдау көрсетті. Алғашқы күні студенттер мен оқытушылар қауымы өз үлестерін қосты.
Алғашқы қадам жасалды, болашақта дүкендегі заттарды түрлендіре түсіп, әрі қарай өз жұмысын жалғастырады.