2019 жылдың 16 сәуірінде «Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, №3 агротехникалық колледжі» КММ Көкшетау қаласыдағы «Достар» мәдениет үйінде Ақмола облысының білім басқармасы ұйымдастырған V WorldSkills Kazaкhstan Аймақтық чемпионатының салтанатты жабылуына қатысты. Жабылу рәсіміне педагогикалық еңбек ардагерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, байқау қатысушылары, жетекшілер, байқауға қатысушыларды дайындауға белсенді қатысқан сарапшылар мен оқу мекемелерінің әлеуметтік серіктестері, сонымен қатар студент жастар шақырылды.
«Достар» мәдениет үйінің фойесінде 12 колледж келушілер назарына байқау құзыреттері бойынша WSK чемпионатының барысында орындалған бұйымдар көрмесін ұсынды, мастер-кластар өткізді. Кәсіби бағдарлау жұмысы аясында көрмеге Көкшетау қаласы мектептерінің оқушылары келді. Іс-шараның құрметті қонағы Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы өзінің құттықтау сөзінде Елбасы Жастар жылы деп жариялаған жылы жеңімпаздарды марапаттау екі есе жағымды екенін атап өтті. «Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, №3 агротехникалық колледжі» КММ 1-орын алған байқау қатысушылары: Косулицкий Сергей – «Слесарлық жұмыс» және Тлеуғабылов Нұрлан – «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» біліктілігінде қатысып, Ақмола облысы білім басқармасының алтын медальдарымен, ескерткіш кубоктарымен, құрмет грамоталарымен және 100 000 теңге сомасындағы сертификаттармен марапатталды.
«Дизелдік қозғалтқыштарды жөндеу» біліктілігі бойынша қатысып, 2-орын алған Сатаев Владимир Ақмола облысы білім басқармасының күміс медалімен, ескерткіш кубогымен, құрмет грамотасымен және 75 000 теңге сомасындағы сертификатпен марапатталды.
Алдағы уақытта WorldSkills Kazaкhstan Аймақтық байқауының жүлдегерлерін Ұлттық чемпионатқа маңызды дайындық күтіп тұр.