Отан қорғаушылар күнінің қарсаңында 2019 жылы 6 мамырда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 27 жылдығына және Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған жыл сайынғы ашық іс-шара – Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында сапқа тұру және саптық ән айту байқауы өтті, оның мақсаты
Қазақстан Армиясының қатарында қызмет өтуді насихаттау, жастар арасында әскери-патриоттық бірлестіктердің қызметін дәріптеу болып табылады.
Мерекелік бағдарламаға облыстық колледждердің 18 командасы қатысты. Рапорт беру, қайта құрылу, саптық ән орындау, әскери құрмет көрсету, тәртіп пен сыртқы келбет – осының бәрін байқау әділқазылары мұқият бағалады.
Красный Яр ауылының №3 агротехникалық колледжінің жас жауынгерлер взводын оқу үздігі, спортшы ІІІ курс студенті Анарбай Абдулла басқарды. Біздің колледждің студенттері өздерінің барлық дағдылары мен қабілеттерін көрсетуге тырысып, ІІІ орынды иеленді. Саптық байқаудың қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының дипломымен және кубогымен марапатталды.
Біздің колледжде алғашқы әскери дайындықтың ұйымдастырушы-оқытушысы Қ.Б.Өміралин жетекшілік ететін «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы жұмыс атқарады. Іс-шара қорытындысы бойынша ол алғашқы әскери дайындық кабинеті үшін оқу жабдықтарын алуға арналған сертификат алды.
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Т.Т.Жүнісов және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Төлеғұл жас жауынгерлерге құттықтау сөз айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ардагерлері мен еңбек ардагерлері шақырылды.