2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін Көкшетау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі "Жастар салауатты өмір салты үшін" ұранымен "Сұңқар" XIX-қалалық спартакиада өткізді. Спартакиада бағдарламасына спорттың 20 түрі енгізілді. Техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасындағы қалалық спартакиадаға 10 команда қатысты. Ең басынан бастап ЖТК, № 1 ҚТК, № 3АТК, ҚазМТК және "Арна" колледжінің командалары арасында жалпыкомандалық есепте табанды күрес басталды. Біздің командалар келесі спорт түрлерінен жеңімпаз атанды: тоғызқұмалақ (ұлдар), армрестлинг (қыздар), гір спорты (қыздар), жазғы Президенттік көпсайыс (қыздар).
Екінші орынды келесі спорт түрлерінен иеленді: шахмат, дойбы (ұлдар), қазақ күресі, шаңғы жарысы (қыздар), қысқы Президенттік көпсайыс (қыздар), волейбол (ұлдар), жазғы Президенттік көпсайыс (ұлдар), гір спорты (ұлдар), армрестлинг (ұлдар).
Үшінші орын: шорт-трек (қыздар), қысқы Президенттік көпсайыс (ұлдар).
2019 жылдың 5 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған "Көкшетау" және "Степной маяк" қалалық газеттерінің жүлделеріне жеңілатлетикалық эстафета өткізілді.
Жеңіл атлетикалық эстафета "Сұңқар"спартакиадасының соңғы түрі болды. Эстафетаның нәтижелері қорытынды есепте жүлделі орындарды бөлуге айтарлықтай әсер етті. Қыздар командасы эстафетада жеңімпаз атанды, ұлдар екінші орынға ие болды.
"Сұңқар" спартакиадасын өткізу тарихында алғаш рет біздің колледж жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.
Біздің командамыздың жетістіктеріне үлкен үлес қосқан студенттер: Мубаракшина Анна, Гоцак Анкастасия, Мунтукова Ольга, Амангельдинов Рамазан, Усманова Татьяна, Проказин Михаил, Анарбай Абдулла, Шерстабитова Оксана, Тлеуханкызы Жадыра, Габуния Давыд, , Врачев Николай, Волков Дамир, Белецкий Алексей, Нуржан Еламан, Дондыхын Али, Гарбовская Вероника, Султан Диас, Исмагулова Прасковья, Валентов Андрей, Сатаев Владимир, Проказин Иван, Избасканов Курмангазы, Кайредден Балкумыз, Гетте Марина, Бакиров Равиль, Кожина Алтын, Сапархан Сандалхан, Сыздыков Алмаз, Ибраев Канад, Мачехин Евгений, Григорьевская Фаина, Капанина Виктория, Червякова Вера, Шмотенко Маргарита.