Ұлы Жеңістің 74 жылдығын атап өту барысында Красный Яр селосы, «№3 Агротехникалық колледжі» КММ-нің ұжымы мен студенттері салтанатты шеруге шықты. Шеруде колледждің «Жас сарбаздар» клубы саптық ән салу байқауына қатынасты.
Жыл өткен сайын бізге Ұлы жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Олардың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес. Сондықтан, оларды құрметтеп, сыйлау, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз. Сол парызымызды өтеу мақсатында «№3 Агротехникалық колледжі» КММ-нің ұжымы атынан колледж директоры Сайран Өмірзаққызы Сейітқалиева Красный Яр ауылының тұрғыны болған Ұлы Отан соғысының мүгедегі, ардагері Сүлейменов Қазкеннің жұбайы, тыл жұмыскері Сүлейменова Мәркен апаймен кездесіп, Жеңіс күнімен құттықтады. Кездесу барысында Мәркен апайдың қызы Сүлейменова Ләззат көздерінің қарашығындай сақтаған қарт жауынгердің медаль, орденін, фото-суреттерін көрсетіп, ардагерді еске жылы алысты.
Кездесу соңында Мәркен апайға зор денсаулық, отбасына бақыт тілеп, әрдайым күш қуатының берік болуына тілектестік білдірді.