«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

2019 жылдың 26 маусымында «Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, №3 агротехникалық колледжі» КММ-де бітіруші түлектерге салтанатты түрде дипломдарды табыстау рәсімі өткізілді.

06.07.2019

2019 жылдың 26 маусымында «Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, №3 агротехникалық колледжі» КММ-де  бітіруші түлектерге салтанатты түрде дипломдарды табыстау рәсімі өткізілді.

Жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайтын Елбасының жариялауы бойынша Жастар жылымен қатар келген биылғы жылғы түлектерді шығару колледж тарихындағы 79-шы оқу жылының тәмамдалуы болып табылады.  

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша колледжді 180 түлек бітіріп шықса, оның 5-і үш жыл бойы еңбектеніп алған білімдерінің нәтижесінде үздік диплом иегерлері атанды.

Колледж директоры С.Ө.Сейтқалиева түлектерді құттықтап, алдағы өмірлеріне ақ жол тілеп, болашақта оларды бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келетінін атап өтті. Үш жыл бойы колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысқан түлектерге дипломмен қоса  арнайы мадақтақтау қағаздарын табыс етті.

 Диплом табыстау рәсіміне колледждің әлеуметтік серіктесі «Қанай Би-1» ЖШС директоры Т.М.Кабдулов арнайы қатысып, түлектерге өзінің ақ тілегін жолдады. Сондай-ақ, сапалы білімнің, жақсылық пен ізгіліктің, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған колледжіміздің жаңа бағдар ұстанған ұстаздарының ерен еңбектерін атап, колледж басшылығына алғысын білдірді.

Диплом табыстау рәсімі ата-аналарға алғыс білдірумен және колледж ұжымы әзірлеген мерекелік концертпен жалғасты.

Просмотров: 948


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст