Текст
Көктемде ағаштар керемет гүлденуімен таң қалдырса, ал күзде олардан дәмді және пайдалы жемістер жинаймыз.
Көктемгі дала жұмыстарының жоспарына сәйкес колледж аумағында жеміс ағаштары мен бұталардың көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Өндірістік оқытудың тәжірибелі шеберлерінің басшылығымен 1504000 - фермер шаруашылығы (бейін бойынша) мамандығы бойынша оқу практикасынан өту кезеңінде 1504032 - жеміс – көкөніс өсіруші біліктілігі бойынша 2 курс студенттері 33 таңқурай бұтасы, 105 шие, 20 қара қарақат ,17 таңқурай, 19өрік , 23 қарлыған,29 шырғанақ , 14 мойыл жеміс-жидек көшеттерін отырғызды.
Жеміс-жидек дақылдарының көшеттерін колледж қызметкерлері өздерінің жеке учаскелерінен әкелді.