№3 Агротехникалық колледжінде «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстарының қауіптілігі» тақырыбында кездесу өтті
2019 жылдың 10 қыркүйегінде жас ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, діни ағым сенімдерді ажырата білуге, тазалық пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында №3 Агротехникалық колледжінде «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстарының қауіптілігі» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Бекишева Индира, Мұратов Нұржан қатысып, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы әңгімеледі.
Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Жастардың діни сауаттылығын арттыру, терроризммен, діни экстремизммен күресудің жолдары, оның зардаптары туралы видеоролик көрсетіліп, ақпарат берілді. Сонымен қатар жастарға күмәнды сайттарға кірмеу керектігі ескертілді.