Текст
2019 жылдың 13-15 қыркүйегі аралығында Бурабай ауданындағы «Звёздный» балалар сауықтыру орталығында «CHALLENGE: АҚМОЛА ЖАСТАРЫ-2019» атты студенттер слеті өтті.
Іс-шараны «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының одағы және Ақмола облысының білім басқармасы ұйымдастырды.
Слет бағдарламасының мазмұны өте қызықты және мазмұнды болды. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында келесі түсіндіру жұмыстары жүргізілді :
- Президенттің «Сындарлы қоғамдық сұхбат - бұл Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысу;
- «Рухани жаңғыру: біздің адамгершілік ұстанымдарымыз» және «Сыбайлас жемқорлық жол жоқ» платформалары.
Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Азамат Маханалин студенттерге идеяны бизнеске қалай айналдыру керектігі туралы айтып берді.
Аталған іс-шарада Ақмола облысы мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан ұлттық аспазшылар қауымдастығының президенті, «Той дастархан» ЖШС-нің директоры Елена Машчинская және басқа да табысты кәсіпкерлер өздерінің жетістіктерімен бөлісті.
Слет барысында №3 Агротехникалық колледжінің 3 курс студенттері - Ризабек Ілияс, Қуанышев Аян маңызды мемлекеттік құжаттарға қызығушылық танытып, ұжымда жұмыс істей алатындықтарын көрсетті. Аталған студенттер бизнес-жобаны жоспарлау бойынша II дәрежелі дипломға ие болды.
Колледж студенттері «CHALLENGE: АҚМОЛА ЖАСТАРЫ - 2019» студенттік жастар слетіне белсенді қатысқандары үшін сертификаттар, дипломдарға ие болды.