Текст
2019 жылдың қыркүйек айында бекітілген кестеге сәйкес «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының және «JASTAR KZ» жобасының аясында 1 курс студенттері «Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ-де болды.
Қазіргі ақпараттық әлемде мұрағаттар маңызды рөл атқарады. Мұрағат қызметінің негізгі міндеттерінің бірі - тарихи маңызы бар барлық дерек көздерін, өткеннің құжаттарын және біздің қоғамымыздың қазіргі өмірін көрсететін құжаттарды сақтау және ұрпаққа жеткізу.
Жоғары санатағымұрағат маманыНургуль КудайбергеновнаСақтағановастуденттер үшін Көкшетау қаласының мерейтойына арналған «Көкшетау -195 жаста!» фотокөрмесіне, сонымен қатар «Ақмола облысы мұрағат құжаттарында» атты мұрағат құжаттарына кезең-кезеңімен экскурсия өткізді.
Колледж студенттері қала тарихына үлкен қызығушылық танытты және тарихи оқиғалар жайында мол деректер алып, Көкшетау қаласы тарихының негізгі кезеңдері туралы білді.