Текст
2019 жылғы 20-21 қыркүйекте Зеренді ауданының «Парус»БСО-нда «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының облыстық слеті өтті.
Ақмола облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері жастар арасындағыпарасаттылық, адалдық мәселелерін талқылау үшін кездесті.
Студенттер екі күн ішінде ең жақсы тәлімгерлер және коучтармен диалог жүргізді. Мемлекеттік қызмет академиясы Ақмола филиалының п.ғ. к., профессоры Мурзина Сәуле Ашотқызы ұсынған парасаттылық аспектілері Ақмола жастарының жүрегіне үн қосты. "Аqmola conneсt" қоғамдық қорының жетекшісі Ринат Галлямов студенттерге әлеуметтік желілердің бірегей мүмкіндіктерін түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар өте серпінді процесс — SMM-жылжыту туралы айтты.
Колледж студенттері «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының облыстық слетіне белсенді қатысқаны үшін сертификаттар алды.