«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

Демонстрациялық емтихан өткізілуде,

29.06.2022

2022 жылдың 28-29 маусым күндері « Красный Яр ауылы агротехникалық колледжі» МКҚК –да  жұмыс алаңдарында алғаш рет WorldSkills стандарттары бойынша «Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша ТМД жүйесін пайдалана отырып, демонстрациялық емтихан өткізілуде, оған мамандық бойынша 1501000 «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»  тобының 15 студенті қатысады.

     Демо-емтиханның тапсырмасы үш модульден тұрады: модуль-А «Саптаманы жөндеу және реттеу», модуль-В: «Дәл өлшемдер», модуль-С «Комбайнды егін жинауға дайындау».

     Емтихан нәтижелері бойынша қажетті ұпай санын жинаған қатысушыларға төлқұжат беріледі:  бұл құжатта мамандығы, құзыреті, бағалау құжаттамасының жинағы және жинаған ұпайлары туралы мәліметтер қамтылған.  Сондай-ақ білім беру ұйымы және демонстрациялық емтиханды өткізу орталығы туралы ақпарат бар.

     Демонстрациялық емтиханды бағалау үшін комиссия құрылды, оның құрамына кәсіпорын өкілдері кірді: Елмағанов Азамат Мерекеұлы – «Ұмай жер» ЖШС директоры, Джусупов Мағаз Болатұлы – «Казрост Инжиниринг ЛТД» ЖК бас инженері, Шукин Алексей Николаевич – «Kazrost Engineering Ltd» ЖК сынақ инженері.

     Біліктілік емтихандарына қатысу – жұмыс берушілерге өз кәсіпорны үшін кадрларды іріктеу үшін берілетін мүмкіндіктердің бірі.

      Негізінде болашақ мамандарды сапалы дайындау – біздің колледж үшін жұмыстың негізгі құрамдас бөлігі деп саналады!

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст