Талғампаз қыздар, костюмдердегі ұлдар, гүл шоқтарын ұстаған ата – аналар, қуанышты мұғалімдер, міне, колледж таңертеңгі көрінісі осындай. Өйткені, бүгін біздің оқу орны тағы да түлектеріне ересек өмірге жолдама береді. Бұл қазірдің өзінде 82 түлек!
Мерекелік безендірілген мәжіліс залында диплом тапсыру рәсімі өтті. Колледж басшысы С. О. Сейткалиева балаларды жылы құттықтап, дипломдарын табыс етті. "Үздік" дипломдарды Қайыркен Әйгерім, Тұрлыбекова Айым, Козаченко Геннадий, Укенова Айдана, Каштанова Алла, Гусейнова Тарана , Садвокасова Фатима алды.
Үлкен LED –экранда көрсетілген музыкалық нөмірлер студенттік өмірдің ең жарқын және ұмытылмас сәттері туралы бейнеролик әрбір түлектің жан дүниесінде үн қосты. Өйткені, көптеген қымбат естеліктер колледжге байланысты, ол көптеген адамдар үшін "екінші отбасы"болды.
Бұл күні балаларға көптеген игі сөздер, шынайы тілектер айтылды. Ата-аналар Қайыркен Қымбат Амангелдіқызы, Садуова Күлшайем Айткенқызы педагогикалық ұжымға алғыстарын білдірді.
Рәсім естелік фотосуреттермен аяқталды.
Ақ жол, қымбатты біздің түлектер!!!