Ағымдағы жылдың 24 қазан күні әскери-патриоттық тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес №3 Агротехникалық колледжде бірінші және екінші курс студенттерімен "Мен Отанымды қорғауға дайынмын ба?" « Борышыңды өтеу-қасиетті, міндетіңді атқару құрметті ұғым " атты тақырыпта кездесу өтті.
Кездесуге "Ақмола облысы бойынша Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері одағы" ҚБ-нің төрағасы запастағы полковник Дуанбай Ыбрай және Көкшетау қаласы бойынша Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Құсаинов Жанатай Қожахметұлы, Ауған соғысының ардагері Уаисов Болат Нәбиұлы қатысты.
1979 жылдың желтоқсан айынан 1989 жылдың ақпан айына дейін Ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысты, оның 924-і қаза болды, 25-і хабар-ошарсыз кетті, 3 мыңға жуық сарбаз мүгедек болды. Сол қан майданда қаза тапқандардың қатарында біздің колледж түлектері де болды.
Бұл іс – шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың тарихи оқиғаларға қызығушылығын ояту, жастардың бойында патриотиттық сезімді дамыту, Отанға лайықты қызмет етуге дайындығын арттыру. Біздің колледж үшін интернационалист-жауынгерлермен кездесулер өте маңызды екенін және дәстүрге айналғанын айтуға болады.
Сондай-ақ, қонақтар, әскери шайқастарға қатысушылар қан төгілген, қорқынышты соғыстың шындығы, қарапайым сарбаздардың ерлік әрекеттері, олардың ұрыс даласындағы ерлігі туралы айтып берді. Ардагерлер Ауған соғысының сабақтары ұмытылмауы керек және қазіргі жастар бейбіт өмірді сақтауға ұмтылуы керек деген пікір білдірді.