Текст
"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, өскелең ұрпақты туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне баулу мақсатында Красный Яр ауылының №3 Агротехникалық колледжінің білім алушылары Көкшетау қаласының тарихи мұражайына барды.
Колледж студенттері Көкшетау қаласының тарихына үлкен қызығушылық танытып, тарихи оқиғалармен таныса отыра, қаламыздың 1824 жылы құрылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Көкшетау қаласының тарихының негізгі кезеңдері туралы білді.
Мұражайға сапар аяқталғаннан кейін студенттер өз әсерлерімен ой алмасты.