Текст
2019 жылдың 8 қарашасында "Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, №3 агротехникалық колледж" КММ-де жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.
Колледж директоры С.Ө.Сейітқалиева Красный Яр ауылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасына енгенін, колледждің материалдық - техникалық базасы нығая әлі де түсетінін, колледжде оқу және жатақханада тұру жағдайын жақсартып, жетілдіретіндігін атап өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Елеушова ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу және студенттердің салауатты өмір салтын дамыту туралы айтып берді. 1 курс студенттерінің колледжде білім алу және жатақханада тұру жағдайларына бейімделуінің сауалнама нәтижелерін ұсынды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И. Бекбауова ата-аналарды пәндер тізімімен, студенттердің аралық аттестациядан өтуі, тапсыруға тиісті емтихандарымен таныстырды.
Колледж заңгері Л. Садуақасова колледж қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттар жөнінде хабарлама жасады. Жиналыста 1 курс студенті Еділбай Диастың әкесі сөз сөйледі. Ол колледж ұжымын 80 жылдығымен құттықтап, инженерлік-педагогикалық қызметкерлерге алғысын білдірді.