Қазан айы мерекелерге толы ай,16 қазан әлемнің түкпір-түкпірінде-дүниежүзілік нан күні,20 қазан - кәсіби мереке аспаздар күні атап өтіледі. Әрине, "тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқитын колледж студенттері де белсенді қатысты. Сонымен, өндірістік оқыту шеберлері А. Ф.Тлеужанов пен И. Н. Корнилованың жетекшілігімен 2-курс студенттері 1-курс студенттеріне бисквитті торттар мен кондитерлік өнімдерді дайындау және безендіру бойынша мастер-класс өткізді. Сондай-ақ өндірістік оқыту шебері Шаймерденова Р.С. 3 курс студенті , WSA-2022 өңірлік кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы Досмұханова Құндызаймен түрлі нан-тоқаш өнімдерін пісірді.