«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ

29.11.2019

Бүгін, 29 қараша 2019 жылы №3 Агротехникалық колледжінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған сынып сағаты өтті. 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы "ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы" заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін атап өтуге арналған.

Сынып сағатының мақсаты: еліміздің қалыптасуы мен дамуының тарихи оқиғаларымен таныстыру; Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына Президент Н.Ә.Назарбаевтың қосқан елеулі үлесін көрсету; мақтаныш, құрмет, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік,  адалдыққа тәрбиелеу.

Негізгі міндеттері: студенттерде патриоттық сезімді, бейбітшілікті, ұлтаралық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; танымдық қабілеттерін дамыту.

Сынып сағаты әңгіме түрінде өтті.  Студенттерге біздің Президентіміз туралы сұрақтар қойылды. Студенттер ҚР Әнұранын орындап, сұрақтарға белсенді жауап берді.

Іс-шараның соңында студенттер  елбасыға ізгі тілектертерін арнады. Өткізілген сынып сағаты студенттер мен қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Просмотров: 740


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст