Жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастық – сұранысқа ие кадрларды сапалы бірлесіп даярлаудың кепілі. Оқу- ағарту министрлігінің бастамасымен 15 қараша Республикалық Жұмыс берушілер күні болып жарияланды. Колледждің акт залында 1 - 3 курс студенттері колледждің әлеуметтік серіктестіктерімен кездесу өтті. Кездесуге "Умай Жер" ЖШС директоры А. М. Ельмаганов, "Eurasia Group Kazakhstan" ЖШС HR қызметінің басшысы Л. Б. Амрина, "Астықжан КТ" ЖШС директорының орынбасары Т. М. Кабдулов, "AlemTravel" ЖШС бас аспазшысы В. В. Домахина, "OIL CITY SERVICE" ЖШС техникалық директоры Д.Н. Ходоровский шақырылды.
Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Георгиевич Гамазов құттықтау сөз сөйлеп, мамандарды даярлау мәселесінде жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара ынтымақтастығының ерекше маңыздылығын атап өтті. Барлық қатысушылар өз кәсіпорындарын таныстыра отырып, студенттерді кейіннен жұмысқа орналастыра отыратын кәсіби практикадан өтуге шақырып, кәсіптің бос орындары туралы айта кетті.
"Сұрақ – жауап" диалог алаңында студенттер жұмыс берушілерге тікелей сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
Бұдан басқа, көп жылғы жемісті ынтымақтастығы үшін үздік әлеуметтік әріптестерге Оқу-ағарту Министрлігінің, Ақмола облысы білім басқармасының және колледждің алғыс хаттары табыс етілді.