ҚР БжҒМ және Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұйымдастырумен өткен республикалық «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ТОП 100 үздік студенті» жлбасы өз мәресіне жетті. Жобаның басты мақсаты білім алушылардың құзыреттілік деңгейін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға, ынталандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 үздік студенттерін анықтауға бағытталған. Аталмыш жобаға Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы №3 агротехникалық колледжінің ІІІ курс студенті Косулицкий Сергей қатысып, еліміздің үздік ТОП 100 студенттің қатарына енді. Сергей 19 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ресми марапаттау рәсіміне қатысатын болады. Сергейді жеңісімен шын жүректен колледж ұжымы құттықтайды!