Текст
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі.
ЖИТС-тің алдын алу шаралары аясында студенттік «Панацея клиника» емханасының психологы Ұлпан Аманбаева біздің колледж студенттерімен әңгімелесті. Мультимедиялық презентациямен бірге әңгіме барысында ол инфекцияның негізгі берілу жолдары, жұқтыру қаупінің дәрежесі және алдын алу шаралары туралы айтты.
Рефлексия ретінде балалардың қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы сауалнама жүргізілді.