Текст
Дені саудың тәні сау. Спортпен шұғылдану, алға қойған мақсаттарға жету, адам өмірін сүйікті ісіне арнау – нағыз спортшының сенімі.
Колледж студенттері бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қоян-қолтық ұрыстан ҚР құрамасының бас жаттықтырушысы, облыстық БЖСМ директоры, қалалық мәслихат депутаты, "Құрмет" орденінің иегері М. Е. Жүсіповпен кездесті.
Мереке Ертайұлы балаларға өзінің спортқа қалай келгені, ауыл тарихынан қызықты деректер туралы айтып, Красный Яр ауылында спорттың жақын болашаққа даму перспективаларымен бөлісті. Студенттер мұқият тыңдап, сұрақтар қойды.
Атақты жерлеспен кездесу балаларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.