«Красный Яр ауылы, агоротехникалық колледж» МКҚК-ның оқытушылары мен студенттері тобынан құрылған «Аяла» еріктілер клубы «Үміт Шаңырақ » ҚБ қарттар үйіне өз көмектерін көрсетіп қайтты.
Қазіргі жаһандану кезінде тәрбиенің тұтқасы – қарттарды қадірлей, құрметтей білуде. "Аяла" еріктілер клубы қарттар тұрып жатқан үй-жайға косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Оқытушылар мен студенттер қарттармен жылы әңгімесулер жүргізді. Өз кезегінде қариялар акцияны ұйымдастырғаны үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
Студенттер ақсалды аталардың, аяулы әжелердің қамқорлықты қажет ететініне, сондай-ақ өздерінің олардың өміріне жарқын сәттер сыйлай алатындығына қуаныштарын білдірді
Бұл іс-шара, жастарды ондағы қариялардың өмірімен таныстырудың, қарттарға қамқор болуды насихаттаудағы игі істердің бірі.