04.09.2023
ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылы 1-қыркүйектегі жолдауы жайлы
«Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс.»
Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысының биылғы жолдауы экономикалық саясатқа бағытталды. Қасым-Жомарт Тоқаев әлем бойынша сын-қатерлермен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғаның атап өтті. Үкімет мүшелері қағаз жүзінде емес, халықтың тұрмысын жақсартуға жұмыс жасауын жеткізді. Президент елдегі ішкі нарыққа қолдау көрсетуге, отандық кәсіпкерлермен шетелдік инвесторлармен экономиканы көтеруге нақты шаралар жасалу керектігін айтты. Президент сирек кездесетін металлды жаңа заманның мұнайына теңеді. Өндеу өнеркәсібін дамыту арқылы еліміз дайын шикізатты өзімізде өңдеуге, шет мемлекеттерден тәуелді болмауға шақырды. Елімізде ауылды жерлерге үлкен қолдау көрсетуді, агроөнеркәсіпті өркендетуге нақты қадамдар қажеттігін атап өтті. Оның ішінде инфрақұрылым, газ-су нақты халыққа керекті тұтастарды жетілдіру керектігіне тоқталды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауында нақты реформалар арқылы экономиканы әртараптандыруға шақырды. Бұл жолдау халықтың арасында үлкен үміт пен қолдау табатыны анық. Нақты реформармалармен нық қадам жасау арқылы осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар!
Тарих пәндерінің оқытушысы: Мендыбай Нұрым Ерұланұлы