Текст
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деп ұлы Абай бабамыздың қанатты сөздерін оқыған сайын менің балғын балалық шағым өткен білімнің алтын ордасы мектебім мен ұстаздарым есіме түседі.
Ізгілік жолындағы менің ұстаздарым білім нәрімен сусындатып, көз нұрымызды көк аспанға тіктіріп, өмір деген үлкен дарияға жолдама берді. Ұлағатты ұстаздарымның берген білімдері, өсиеттері мамандық таңдаған сәтімде, жалпы өмір жолымда үлкен көмекші, бағыт - бағдар беретін бағдаршам іспеттес болды.
Ұлғатты ұстаздарымызды келе жатқан кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ынтымақ, бірлік тілеймін!
#ұстазымменіңұстазым#