«Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының, №3 Агротехникалық колледжі» КММ-де кәсіби шеберлік он күндігі аяқталды. Студенттер өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетуге тиісті түрде дайындалды. Әрбір өндірістік оқыту шеберлері сайыскерлердің барлық білімдері және дағдылығын, ұстамдылығын, бәсекелестікке төзімділігін көрсете алуы үшін тапсырмалар дайындады. Студенттер аспаздық туындыларды дайындауда, қозғалтқышты, ауыл шаруашылық машиналарын және комбайндардың құрастыру бірліктерін жөндеу кезінде, сапалы және тез теңестірумен реттеуде ептілік көрсетті.
Көкшетау қаласының №17 ОМ оқушылары қонақтар ретінде келді. Олар Қазастанның WorldSkills чемпионатты туралы алғаш рет білді. Студенттер чемпионатта өздерін нағыз кәсіпқой ретінде сезініп, дағдыларын
қолдануда сенімділігі артты. Алдағы уақытта студенттер тәжірбиелі сайыскерлермен тартысқа түседі.
Сонымен, конкурс қортындысы шығарылды. Колледжде өткен конкурста жеңімпаз аттанған студенттер Қазақстанның WorldSkills аймақтық чемпионаттына аттанады. Олар – 3 курс студенті Макогон А, «Наубайшы шеберлігі» (Котова С.М. – ө/о шебері) құзыреті бойынша; 1 курс студенті Косулицкий, «Аспапшы ісі» (Ларин В.Г. – ө/о шебері) құзыреті бойынша; 2 курс студенті Басенко Н, «Аспазшы ісі» (Корнилова И.Н. – ө/о шебері) құзыреті бойынша; 3 курс студентері Семенов В және Томачков Н, «Сантехника және жылыту» (Касымов Е.М. – ө/о шебері) құзыреті бойынша; 3 курс студенті Макогон А, «Наубайшы шеберлігі» (Котова С.М. – ө/о шебері) құзыреті бойынша; 3 курс студенті Астафьев В, «Дәнекерлеу ісі» (Лысюк Д.П. – ө/о шебері) құзыреті бойынша.
Сәттілік тілейміз!