«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

Тәуелсіздік күні салтанатты түрде аталып өтті.

28.12.2017

Көкшетау қаласы Красный Яр ауылы №3 арготехникалық колледжінде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты әр студенттің бойына өз туған жеріне Отанына деген ыстық ықыласын патриоттық сезімін ояту. Тәуелсіздіктің көк байрағын биік

белестерге көтеруді мақтаныш тұтып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Жиынға колледж оқытушылары мен студенттер қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттік ән ұранның шырқалуымен ашылды.Тәуелсіздікке қол жеткізудегі, елімізде татулық пен бірліктің іргесін қалаудағы игі істер жайында көрсетілген бейне көріністер көрермендердің көңілінен шықты.

Осы бір мерекелік сәтте №3 арготехникалық колледжінде құрылған «Қазақстан патриоты» клубына алғаш енген курсанттардың ант қабылдау рәсімі болып өтті. Салтанатты жиында колледж директоры С.Ө.Сейітқалиева «Қазақстан патриоты» клубының құрамына енген жас буынды өз өмірлеріндегі маңызды қадамдарымен құттықтап, естелік сыйлықтар ұсынды. Сонымен қатар, колледж директоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары және

оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» Кұрмет грамотасымен колледж оқытушысы О.Т.Сақтағановты, бас есепші А.М.Нұрмұханованы марапаттады. Сондай-ақ, О.Т.Сақтағановқа «Семей полигонының жабылуына 25 жыл» медалі, Е.Е.Копишевқа «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалі табыс етілді. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғастырылды.

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст