2017 жылы 7 сәуірде « №3 агротехникалық колледжі» Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл және «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесіне арналған көркемөнерпаздар байқауы өтті.
Жылдағы көркемөнерпаздар байқауына студенттермен бірге колледждің педагогикалық ұжымы қатысты.
Концерттік бағдарлама тақырыпқа сай болды. Ол Қазақстан халқының билері, патриоттық әндері, мәнерлеп оқуы, ұлттық музакалық аспаптарда ойнауы.
Байкаудың әділқазылары Көкшетау қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлемінің жетекшісі - Сабитова Айгүл Баубекқызы, «Достар» мәдениет үйінің директоры - Малько Тамара Владимировна, «Достар» мәдениет үйінің директорының орынбасары - Искакова Сауле Кадыржанқызы өткізілген шараның жоғары дәрежеде өткізілгенің айтты, жарық бояу костюмдер, әндері мен өлендерінің репертуарлары жақсы жинақталған.