Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен бақыт тілеймін, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер!