Текст
Ағымдағы жылдың 7-і мен 11-ші қыркүйек аралығында онлайн режимінде І курс студенттерінің ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты: Ата-аналар қауымымен танысу, қашықтықтан оқыту жайлы ақпарат беру, College -SmartNation платформасының функцияларымен және жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру. Жиналыс әр топ бойынша жеке ұйымдастырылды. Ата-аналар сұхбат барысында оқу процессіне қатысты мәселелерді көтерді және барлық сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Ата-аналар жиын соңында колледждің педагогтарына қашықтықтан оқыту барысындағы адал еңбектеріне өз алғыстарын білдірді.