Текст
2020 жылдың 12 қарашасында агротехникалық колледжде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған сынып сағаты өткізілді.
1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы шықты.
1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Бұл күн ұлттық валютаның ресми күні болып саналады. Бүгінгі таңда Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің нышыны, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады.
Zoom форматында өткен сынып сағатында теңгенің тарихы туралы студенттер қызықты мәліметтер алып берілген сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.