«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

«Экология және біз»

22.12.2020
Жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды аспектілерінің бірі-экологиялық тәрбие. Эстетикалық тұрғыдан тартымды аумақты құру, көгалдандыру, мұның бәрі жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Алынған білімді жұмыс түрлерінің бірінде жүзеге асыруға ықпал етеді: ағаш отырғызу, жасыл көшеттерді күту, тазалық пен тәртіпті сақтау. Осындай жұмыс түрлері студенттерге өсімдік шаруашылығы, гүл өсіру, экология жайында алғашқы дағдылар алуға көмектеседі.
 Жатақхана-студенттердің  екінші үйі, олар жатақханада көп уақытын өткізеді: оқиды, демалады, түрлі іс-шараларға қатысады.
 Жатақхана тәрбиешілері колледж студенттері арасында "Экология және біз"тақырыбында on-line конкурсын өткізді. Олар біздің колледжді абаттандыру және көгалдандыру бойынша өз ойларымен және идеяларымен бөлісті. Бұл іс-шаралар студенттерді қоршаған ортаға сезімтал және мұқият болуға, табиғатты сақтауға, жауапты болуға үйретеді.
Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст