23.12.2020
Жастар арасында қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасайтын басқа да құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 23.12.2020 ж., колледжде 1,2, 3 курс студенттерінің арасында Көкшетау қ. ПБ ЖПҚБ ЮПБ ПУИ полиция капитаны З. Б. Сулейменовамен кездесу ұйымдастырылды.
Жоспарлы профилактикалық әңгімелер жүргізу кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор мен топ жетекшілерінің бірлескен жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.
Студенттермен "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстар","жасөспірімдер арасында әдепсіз лексиканың алдын алу" тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізілді. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.
