 06.01.2021
                06.01.2021
        
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Ақмола облысының әскери-патриоттық клубтарының басшылары мен білім беру ұйымдары мен колледждердің АӘТД ұйымдастырушы-оқытушылары арасында «Отанымызды қорғауға дайынбыз» атты облыстық қашықтықтан кәсіби шеберлікиконкурсы болып өтті. 
Конкурстың мақсаты салауатты өмір салтын, спорттық-әскери ойын түрлерін дамыту, оқытушылардың шығармашылық деңгейлерін көтеру  болды.  Атылмыш байқауда Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжінің  АӘД ұйымдастырушы-оқытушысы Битанов Алғадай Тағанұлы «Практикалық кезеңдегі ең жақсы нәтиже» номинациясында грамотамен марапатталды.