Бүгін 2019 жылдың 09 қазан күні №3 Агротехникалық колледжінің 1 курс студенттері Ақмола облыстық мемлекеттік архиві «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Өлке тарихы –Ел тарихы» атты көшпелі көрмесінде болды. «Өлке тарихы –Ел тарихы» жылжымалы көрмесінде 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан дербес, Тәуелсіз мемлекет ретінде, сонымен қатар Ақмола облысының даму тарихы мен қалыптасуының фотоархивтік құжаттары көрсетілген. Колледж студенттері Ақмола облысының даму тарихы мен қалыптасуының фотоархивтік құжаттарына үлкен қызығушылық танытты және тарихи оқиғалар жайында мол деректер алды