Текст
Қазан айы студенттердің біздің колледж қабырғасында алатын мамандықтарына байланысты мерекелермен ерекшеленеді: Еңбек күні, нан күні, аспаз күні, колледждің туған күні.
Ал қазанның ең маңызды мерекесі-республика күні. Бүгін Ұлттық мереке - республика күніне арналған " Қыран елім Қазақстан!» атты концерт өтті.Колледж басшысы С.О. Сейтқалиева құттықтау сөз сөйледі.Еңбек күніне орай көзге көрінбейтін, бірақ өте қажет еңбегімен біздің оқу орнымыздың өркендеуіне үлес қосатын қызметкерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді. Туған өлке туралы өлеңдер мен әндер, халқымыздың тарихынан театрландырылған қойылым әркімнің жан дүниесінде жылулық ұялатып, өз елі үшін мақтаныш сезімін оятты.