Ел президенті Қ.Тоқаев 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда (Жошы ұлысы, Ұлық ұлыс) империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдеді. Осыған орай колледжімізде студенттер арасында «Тарихымыздың алтын дәуірі – Алтын Орда» тақырыбында қашықтьқ жүйеде эссе жазудан жеңімпаз атанған 2 курс студенті Айдарбек Мөлдір
Алтын Орданың құрылуына 750 жыл
Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында 750 жылдығын атап өту туралы пікір білдірді.
"Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осы орайда, Алтын Орданның кұрылуы жайында тарихқа көз жүгіртсек және Алтын Орданың мерейтойын тойлау Не береді? Маңызды ма өзі? Деген сұраққа жауап беремін.
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болады.Ол қайтыс боларының алдында жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп береді.Осы бөліп берген жерлер ұлыс деп аталды. Бұл сөз түрік-монғол тілдерінде мемлекет деген ұғымды білдіреді.
Жошы ұлысы.Жошы-Шыңғысханның үлкен ұлы. Оның еншісіне Ертістен Еуропаға дейінгі ұлан-байтақ өлке,Солтүстік-Шығыс Хорезм,Дешті Қыпшақ өңірі тиді. Қазақстанның басым бөлігі осы Жошы ұлысына қарады. Жошы ұлысы кең байтақ Алтын Орда мемлекетіне айналды. 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін ұлыс билігі оның баласы Батудың (деректерде Сайын хан) қолына көшті.
Бату, Шыңғысханның немересі, батысында Венгрия мен Польшаны, ал оңтүстігінде – Кавказдың көп бөлігін жаулап алды (1236-1256). Батудан кейін хан Берке (1257-1266), Мүнке Темір (1266-1280), Туда Мүнке (1280-1287), Төле-Бука (1287-1291), Тоқты (1291-1312), Өзбек (1312-1342), Жәнібек (1342-1351) өз мүмкіндіктерінің күшімен Алтын Орданың иеліктерін кеңейтіп, оның күшін нығайтты.
Алтын Орданың найза мен қылыштың бағындыруымен бодандықта келген шығыс бөлігінің тұрғындары алашұбар болды. Олар ислам, христиан, тенгриан және басқа діндерді ұстанды және ұйғыр жазуын қолданды. Мемлекеттік тіл - шағатай тілі болды. Алтын Орданың астанасы – Беркеде және Бату, Үргенч, Хорезм, Сығанақ қалаларында гуманитарлық ғылымдар, әдебиет және қолданбалы өнер дамыды. Ғалымдар әл-Фараби, Авиценна, Бируни, Сығанақ, Бақырғани шығармаларын зерттеп, сонымен бірге жеке зерттеулер жүргізген. Олар ғылымды одан әрі дамытты, жазушылар мен ақындардан рухани бай мұра қалдырды: «Қиссасу-л-анбия» Рабғузидің, «Қисса Жүсуп» Әлидің, «Гүлістан» Сайф Сарайдың, «Бостан» Саадидың, «Жум-Жума» Хусам Катибаның, «Хосров и Ширин» Кутибтың, «Ташшукнам», «Салнама» Сейдахметтің, «Юсуф пен Зулейхана» Дурбектің және т.б. Алтын Орда халықтарының этникалық құрамы да әртүрлі болды, осыған байланысты қоғамның шаруашылық-мәдени түрлерінің қалануы әр түрлі болды. Мемлекеттің далалық бөлігі Дешті Қыпшақта: қыпшақтар, арғындар, қоңыраттар, керейлер, уақтар, қаңлылар, наймандар және т.б. сияқты түркітілдес тайпалар өмір сүрді. Олар көбінесе мал өсірумен айналысқан.
ХІІІ-ХIV ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орданың тарихы ресейлік князьдіктермен үздіксіз соғыстарға толы болды және оның мұрагерлері Әзірбайжанға және Оңтүстік Каспий маңының тағы да басқа жерлеріне құқықты даулауға тырысты. ХV ғасырдың ортасында Алтын Орда бірнеше дербес хандыққа бөлінді, оның бір бөлігі – Үлкен Орда ХVI ғасырдың басында өз хандығын тоқтатты.
Алтын Орда Еуразия халықтарының арасында үлкен маңызға ие болды. Көптеген аймақтарда мемлекеттіктің қалыптасуына; - моңғол-түркі-славян мәдениеттерінің байланысын нығайтуға; - Алтын Орда дәуірінің батуы және Еуразия құрлығында жаңа тарихтың басталуына; - ұзақ өзара қақтығыстарды тоқтату және Ресейді, сондай-ақ Қытайдың біріктіру үдерісін аяқтауға және Моңғолия билігінің сауданы, халықаралық қатынастарды дамытуына, бірлесіп пошта қызметі жүйесін енгізуге; - алыс халықтар арасында сауда және мәдени байланыстар орнатуға; сауда керуендерін, ұлыстардың аймақтарына дипломатиялық миссияларды бекітуге ықпал жасады; - саяхатшылар алыс жерлерге сапар шегіп, Еуропаға бұрын-соңды белгісіз Азияның елдері мен халықтары туралы ақпарат алып келді; - моңғолдардың далаға орталық билік идеясын енгізді, бұрын ұйымдастырылмаған тайпаларды біріктірді; - моңғолдық дәуірден кейінгі Қазақстан аумағында пайда болған хандықтағы әлеуметтік ұйымдастыру нормалары мен мемлекеттіктің нысандарын қолданды.
Ресейлік антрополог Л.Т. Яблонский 30 жыл бойы Алтын Орданың көшпенділерінің бассүйегін, қаңқасын зерттей келе, ортағасырлық жұрттың бет-пішініне, қазіргі халықтардың ішінде тек қазақтар қатты ұқсайды деген қорытынды жасаған. Сондай-ақ палеогенетикалық зерттемелер нәтижесі де Алтын Орда аристократтарына гендік, қандық тұрғыдан тағы да қазақтар ғана жақын деген шешім шығарыпты.
Қандай ғалым болмасын, Алтын Орданы құраған халықтың тікелей ұрпағы қазақ деген қорытынды жасайтыны анық. Бұл мойындалған дерек. Ал «осы ұлы империяның мұрагері болуымыз не береді, не пайдасы бар?» деген сұраққа келсе, бұл – кеше кім болғанымызды еске түсіріп, болашақ ұрпақтын өз тарихымен мақтан етуімен бөлек экономикалық кіріске кіргізуге болатын жоба. Алтын Орда тақырыбын қызықтырып әлемге әйгілі етсек тарихи туризм арқылы-ақ, экономикаға қаражат кіргізуге болады .
Жошы хан мен Алаша хан –Алтын Орданың негізін қалаған тұлғалар. Жошы ханның киелі кесенесі Ұлытау аймағындағы– ұлыстың атасына деген ғасырлар елегінен өткен халық махаббатының тозбас көрінісі. Сондықтан Жошы мен Алтын Ордаға лайықты құрмет көрсету – экономикалық кірістен бұрын болашақ ұрпаққа Алтын Орда негізін қалаушы Жошы хан туралы оқушылардың және студенттердің танымдық қабілетін жетілдіре отырып, отанын сүйюге, ел тарихын білуге, өз ойын тұжырымдап жеткізуге үйрету біздің парызымыз. Бұл тұрғыдан алғанда, Алтын Орданың 750 жылдығы тұсында Жошы ханның құрметіне көше атауы немесе Қазақстан тарихы кітаптарында Алтын Орда туралы тереңдетілген мағлұматтар берілсе деп ойлаймын.
Осы мерейлі жылда Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты Жошы хан, Алаша хан кесенесіне археологиялық, этнографиялық зерттеу жұмыстарын мамандар қолға алып Жошы хан тұлғасы және Алтын Орда жайында қызықты деректі фильм түсірілсе және республика аумағында оқушыларға және студенттерге арналған ғылыми- танымдық экспедияциялар өткізсе нұр үстіне нұр болар еді.